• Өнім туралы
  • Мифтерді сейілтейік
  • Ата-аналарға
  • Балаларға
  • Біздің өнім
  • Өндіріс
  • КазКаз

    Растишканың шеберханасы. Қолғаптан жасалған саусақ қуыршақтары

    Сіз ас дайындап жатқанда баланы көңілді және қызықты іспен айналыстырғыңыз келе ме? Кәдімгі тұрмыстық қолғаппен жасалатын біздің идеямыз сізге ұнайтыны сөзсіз. Саусақ қуыршақтарын жасап, үстел үстінде кішкене театр қойылымын ұйымдастырыңыз!

    Растишканың шеберханасы. Қолғаптан жасалған саусақ қуыршақтары

    Материалдар:

    — қалың шаруашылық қолғаптары;— маркерлер;— желім;— қайшы;— тоқуға арналған жіптер (для волос).

    Жұмыс барысы

    Қиялды іске қосыңыз және алға!

    1-қадам.  Қолғапты мұқият қараңыз. Саусақтар кімге айналады? Бауырлар мен әпкелерге, өзге ғаламшарлықтарға? Барлығы мүмкін!

    Растишканың шеберханасы. Қолғаптан жасалған саусақ қуыршақтары

    2-қадам.  Маркерлермен әр саусаққа бет сызыңыз. Біреуін көңілді, екіншісін мұңды немесе қатал етуге болады. Баланың өзі қиялын қоссын. Көзді де әртүрлі тәсілдермен бейнелеуге болатынын айтыңыз.

    Растишканың шеберханасы. Қолғаптан жасалған саусақ қуыршақтары

    3-қадам.  Енді жіптерден шаш жасау керек. Мұнда балаға ересек адамның көмегі қажет болуы мүмкін. Әрбір желім мұндай тапсырманы орындай алмайды. Супержелім алыңыз және кірлеп қалмауға тырысыңыз.

    Растишканың шеберханасы. Қолғаптан жасалған саусақ қуыршақтары

    4-қадам.  Әр саусақ кейіпкерінің аттарын ойлап табыңыз. Баладан бұл кейіпкерлер не істей алатындығын, нені жақсы көретінін, нені армандайтынын сұраңыз. 

    Растишканың шеберханасы. Қолғаптан жасалған саусақ қуыршақтары

    5-қадам.  Көріністерді ойлап табуды жеңілдету үшін әр саусақтың төбелерін кесіп тастаңыз. Енді қуыршақтарды саусақтарыңызға киюге болады және үстелдің астынан шығарып, әртүрлі дауыспен сөйлеуге болады.

    Растишканың шеберханасы. Қолғаптан жасалған саусақ қуыршақтары

    Әр актер үшін репликаларды ойлап табу қалды.

    Растишканың шеберханасы. Қолғаптан жасалған саусақ қуыршақтары

    Бізге жазыңыз