• Өнім туралы
  • Мифтерді сейілтейік
  • Ата-аналарға
  • Балаларға
  • Біздің өнім
  • Өндіріс
  • КазКаз

    Вундеркиндті өсіруге көмектесетін 10 өнім

    Аналар балалардың күнделікті рационына енетін өнімдерге мұқият әрі байыппен қарайды: тағамның,   ағзаның өсуі мен дамуына максималды түрде пайдалы болуын қалаймыз. Біз, отбасылық бюджетке айтарлықтай зиян келтірмейтін, алайда өсуші ағзаға баға жетпес пайда беретін ең жақсы 10 өнімді таңдап алдық  Вундеркиндтерге арналған ас мәзірін бірге әзірлейік!

    Біздің балаларымыз физикалық  және психикалық тұрғыда шаршайды,жүйке жүйесі шамадан тыс жүктемелерге душар болады және иммунитет жүйесі сыр береді. Баланың басты денсаулығы—тамақтануға байланысты. Сондықтан баланың күнделікті ас мәзіріне мұқият көңіл бөліп: оны теңгерімді әрі түрлі етіп жасау қажет

    1.Сүт және ашымалы сүт өнімдері

    Сүт өнімдері аллергия болмаған жағдайда балалар тамақтануында тапсырмас өнім болып табылады. Ряженка,айран, йогурт, сүзбе және т.б ашымалы сүт өнімдері– бала рационында міндетті түрде болуы қажет Бұл өнімдер иммунитетті сақтауға,  бактериозды болдырмауға, қаңқаның, тістердің дұрыс қалыптасуына ықпал етеді.

    2.Зығыр дәні

    Зығыр дәні бұл жүйке жүйесін нығайтуға, иммунитетті арттыруға, есте сақтау қабілетін және зейінді жақсартуға көмектесетін—Омега -3  қышқылдарына бай. Омега-3 азу тістерінің, көз тіндерінің қалыптасуына әсер етеді, ал бұл балалық шақта өте маңызды!

    Кішкентай вундеркиндіңізге жиі зығыр ботқасын немесе кисель қайнатып беріңіз— бұл асқазан ішек жолдарына өте пайдалы  Дүкендерде зығыр майы сатылады— оны салаттарға қосуға болады: зығыр дәні майда болғанымен, пайдасы мол! Зығыр дәні сіңімді болуы үшін оны кофеүккіште немесе блендерде ұнтақтау ыңғайлы  Сүйікті йогуртыңызға немесе сүзбенің үстіне себіңіз

    .

    Американдық ғалымдардың пікірінше, омега-3 май қышқылдары баланың ақыл-ой қабілеттерін, ұсақ моторикасын және моторлы-визуалды үйлестіруді анықтайды.

    3. Жұмыртқаның сарыуызы

    жұмыртқаның  сарыуызы алты айдан кейін нәрестелер мәзіріне қосымша тамақ ретінде енгізіледі. Бұл ақуыз сияқты аллергенді емес және көптеген пайдалы заттардан тұратындықтан, бұл өте пайдалы Мысалы, В тобының дәрумендері. Олар  көру органының саулығын қамтамасыз етеді және  шырышты қабаттарды,  гемоглобинді синтездейді, теріні жақсартады және жүйке жүйесі қызметін реттейді Рахит ауруының алдын алатын D дәрумені де жұмыртқаның сарыуызында бар.  Гемопоэз процестеріне, жүйке жүйесінің жұмысына, майлардың метаболизміне және майда еритін витаминдердің (соның ішінде D, E және A) ассимиляциясы үшін таптырмайтын лецитин.

    Жұмыртқаны қатты қайнатпау керек, сарыуызын сәл жұмсақ күйде қалдыру әлдеқайда пайдалы: осылайша сіз көп қоректік заттарды үнемдейсіз. Сарыуызы жұмсақ болған дұрыс. Шикі жұмыртқаны пісірер алдында сода ерітіндісімен міндетті түрде жуу қажет.

    Көптеген аналар бөдене жұмыртқаларын жақсы көреді.Бұл сәбилерге қатысты болғанда өте ыңғайлы: жұмыртқаны бөлудің қажеті болмайды (қосымша тамақтандыру жұмыртқа сарыуызының кішкентай бөліктерінен басталады). Сонымен қатар, бөдене кейбір ішек инфекциясымен ауырмайды (мысалы, сальмонеллез), басқа су құстары (үйректер, қаздар) туралы бұлай айта алмайсың.

    4Жаңғақ

    Жаңғақтар есте сақтау қабілетіне пайдалы, олар А және Е дәрумендеріне, магний мен мырышқа, полиқанықпаған май қышқылдарына және лютеолинге (күшті антиоксидант) бай 

    Жаңғақтарды перекус ретінде балаға мектепке баратын кезде беруге болады, алайда күніне 40 гр артық емес. Жаңғақтардың күнделікті құндылығын өзіңіздің алақаныңызбен өлшеу ыңғайлы. Шындығында, тіпті ересектерге де жаңғақты көп жеуге болмайды—олар өте майлы және аллергенді Кейбір жаңғақтар, мысалы бразилиялық жаңғақ және кешью, балаларға шикі күйінде беруге болмайды  оларды аздап қуыру керек Ең «жеңіл» және қауіпсіз жаңғақтар– миндаль және грек жаңғағы.  әртүрлі сорттардың қоспасын алса жақсы.  Жержаңғақ өте аллергенді, оларға сақ болыңыз.Айтпақшы, бұл жаңғақ емес, ол бұршақ тұқымдасына жатады!

    Грек жаңғағын ежелден«ақылға арналған жаңғақтар деп атаған» Р Балаға күніне 2 дана жеткілікті.1-2 бразилия жаңғақтары баланы бір күндік селенмен қамтамасыз етеді. Кедр жаңғағы  иммунитет тапшылығы, аллергия болған жағдайда пайдалы. Кешью  тістер мен қызыл иектерді күшейтеді (бұл балалық шақта өте маңызды), темір құрамына байланысты олар суыққа, тұмауға және анемияға пайдалы. Фисташки  көзді жақсы көруге, сүйектерді нығайтуға, құрамында В6 витамині бар және жас спортшыларға пайдалы. Миндаль  Е витаминінің көзі болып табылады, психикалық стрессті жеңуге көмектеседі   көру қабілетін жақсартады.nbsp;Фундук — пайдалы және қоректік жаңғақ, иммундық жүйенің қорғаныш қасиеттерін арттырады және денені тазартады, токсиндерді кетіреді,оны  физикалық белсенділігі жоғары балаларға беру пайдалы

    Дәрігерлердің пікірінше,  Жаңғақтарды екі жасқа дейінгі балаларға беруге тыйым салынады, өйткені олардың ферменттік жүйесі әлі жетілмегендіктен.

    Балаға жаңғақ бермес бұрын, оларды жақсылап шайып, кептіру керек. Айтпақшы, ашық базарларда үлкен контейнерлерде немесе пакеттерде қабығы аршылған күйде сақталатын жаңғақ сатып алғанда абай болыңыз: көгеру және т.б. болуы мүмкін. Жаңғақтар жақсы сіңуі үшін оларды бір-екі сағат бойы қайнатылған суық суға салып қою керек. Ұсақталған жаңғақтарды ұнның бір бөлігін алмастыра отырып, пісірілген тағамдарға қосуға болады. Оларды витаминді салаттарға, десерттерге қосыңыз.

    5. Бұршақ дақылдары

    Көптеген адамдар бұршақ тұқымдас дақылдардың ағзаға сіңуі қиын екенін естігендіктен,оларды балалар тағамына қосуға болмайды деген жаңсақ пікірде. Егер сіз оларды дұрыс дайындай білсеңіз, онда жас вундеркиндтің ағзасы пайдалы ақуыз ала алады. Энергия аккумуляторы болып табылатын көптеген фосфор, сүйек тіндерінің қалыптасуына қатысады және жүректің жұмысына қажет.

    Бұршақ дақылдарын алдын ала жібіту қажет, тіпті түнгі мезгілде. Баяу отта ұзақ уақыт пісіріңіз  Бұршақ дақылдары пайдалы қасиеттерін мұздатылған күйде де жоғалтпайды. Мысалы, жасыл бұршақты ерітуге, салаттарға қосуға немесе буға пісіруге болады жылдың кез келген мезгілінде гарнирге қосуға. 

    6. Теңіз өнімдері

    Теңіз өнімдерінде  құрамында йод, В12 дәрумені, омега-3, омега-6 полиқанықпаған май қышқылдары бар. Бұл заттар мидың жұмысына өте қажет, есте сақтау қабілетіне пайдалы

    .

    Балаңызға аптасына кем дегенде 3 рет түскі асқа ет орнына теңіз балықтарын беруіңіз керек. балықты пешке пісірген дұрыс, себебі, қуырылған балық пісіру кезінде омега қышқылдарының едәуір бөлігін жоғалтады. Теңіз балдырларын салаттарға жиі қосыңыз, таңғы асқа дайындаңыз, немесе балық және уылдырық бутербродын перекус ретінде беріңіз

    7. Дәнді дақылдар

    Кішкентай вундеркиндті таңғы аспен тамақтандырыңыз! Дәнді дақылдардан қарақұмық жармасы мен сұлы жармасы ең пайдалы,қабыршақ түрінде емес, тұтас дәнді дақылдар түрінде Ең жақсысы  асқабақ, күнбағыс, күнжіт, жаңғақ және кебек қосылған бірнеше дәндерден жасалған ботқа.Ботқа жеген кезде— миға B, A және E топтарының минералдары мен дәрумендері түскеніне сенімді болыңыз  Тұтас дәндер есте сақтау қабілетіне оң әсер етеді, концентрацияны арттырады, көтеріңкі көңіл-күйді көтереді, шаршауды азайтады

    Дәнді дақылдардың энергетикалық күші бар. Балаңыз түскі астан кейін ұйқысы келіп, шаршағыштыққа шағымдана ма? Мүмкін, бұл ұнның немесе ақ нанның көп мөлшерде қолданылуынан болуы мүмкін — оларды ағартылмаған ұнтақ ұнынан жасалған өнімдермен алмастырған дұрыс  Көптеген пайдалы заттар бидай ұрығында, бидай кебегінде болады 

    8. Глюкоза

    Ми глюкозамен қоректенеді, сондықтан ақылдың анықтығы мен есте сақтау қабілеті үшін балаларға тәттілер қажет. Бірақ бұл, әрине, тәттілер мен шоколадтарды мөлшерден тыс жеу туралы емес. Егер балға аллергия болмаса, 1 қасық бал қосыңыз« ақыл ой үшін» ботқаға  немесе шәйға. Емтихандарға, тестілерге және сынақтарға дайындалу кезінде балаңызға ұсыныңыз«миды қоректендіру үшін» ащщы шоколад, кептірілген жемістер 

    9.Балғын көкөністер 

    Жемістерде  асқазан-ішек жолын керемет тазартатын және ас қорыту жүйесіне тиімді әсер ететін көптеген талшықтар бар, сондықтан олар балалар мәзірінде күнделікті болуы керек  Көкөністерді балаларға тұтастай да, салаттар түрінде де беруге болады, жай бөліктерге кесіңіз  Қыс мезгілінде гмұздатылған өсімдік қоспаларынан  көкөніс сорпаларын немесе гарнирлердің барлық түрлерін пісіріңіз, маусымда балғын көкөністерді қолданған дұрыс

    Балаларды сэндвичтер немесе тәттілермен емес, пайдалы көкөністермен және жемістермен тамақтануға үйретіңіз. Кішкентай вундеркиндіңізге  сәбіз, болгар бұрышы,қиярды ол бір іспен шұғылданып жатқанда яғни: ойнап, теледидар көріп, немесе екеуіңіз бірге кітап оқып, үйреніп жатқан кезде ақырын ұсынуға тырысыңыз.

    Балғын көкөністер асқазан қышқылының пайда болуына ықпал етеді және тәбетті жақсартады. Сондықтан, егер сіздің үйіңізде кішкентай Қыңыр бала болса, оны негізгі тамақтанар алдында көкөніс салатымен тамақтандыруға тырысыңыз.

    Егер күн сайын үстелге көкөніс тағамдары қойылса, ал бала оны ересектер жеп жатқанын көрсе,  ол бірте-бірте осындай тамақтану түріне үйренеді. Егер сіз балаңызды көкөністерді жеуге көндіру қиын болса, кішкене амалдарды қолданыңыз

    10. Жемістер

    Жемістердің көпшілігі тәтті және жоғары калориялы, сондықтан артық салмаққа бейім немесе қант диабетімен ауыратындар мұқият болуы керек  Цитрус жемістері С дәруменіне бай, ол  иммунитетті көтереді  және әсіресе қыста өте пайдалы алайда олармен абай болу керек: мандариндер мен апельсиндердің өзі күшті аллергендерге жатады. Сіз сондай-ақ экзотикалық жемістермен абай болуыңыз керек: олармен алғашқы танысуды кішкене тілімнен бастаңыз

    Баланың тамақтануындағы жаңа сығылған шырындар мәселесі де ерекше назар аударуға тұрарлық. Мұндай шырындарды таңертең ішу дұрыс емес, түскі уақытта ішкен жақсы, өйткені олар асқазанның шырышты қабатын тітіркендіреді  Мысалы, сіз шырынды бөлек сусын ретінде емес, мысалы, ботқамен бірге ұсынсаңыз жақсы болады 

    Бала жеміс жегісі келмейді ме? Тағы да, құрметті аналар, креативті және аздап қу әйел болыңыз. Көңілді ойын ойлап табыңыз, « құрастырыңыз» балаңызбен бірге жеміс салатын жасаңыз, жемістер мен жидектердің бөліктерімен сүйікті сүзбе немесе йогуртын, балқытылған балмұздақпен безендіріңіз, балаңыз жақсы көретін тағамдарға жеміс қосыңыз.

    Диетологтар перекус тағамы ретінде балғын жемістерді қабылдауды ұсынады  Педиатрлар мен стоматологтар  жемістер, мысалы, торт түріндегі десертке қарағанда пайдалы деп санайды. Жемістер, кем дегенде, тістің қалыптасуына кері әсерін тигізбейді.  

    Бізге жазыңыз