• Өнім туралы
  • Мифтерді сейілтейік
  • Ата-аналарға
  • Балаларға
  • Біздің өнім
  • Өндіріс
  • КазКаз

    «Растишка»-мен бірге дайындаймыз: көкөніс спринг-орамдары

    Күз көкөністерге бай, сондықтан біз балаларға пайдалы және дәмді тағамдар дайындау үшін дәрумен сыйларын барынша пайдалануға тырысамыз  Жеңіл тағамдар немесе жеңіл кешкі ас үшін тамаша нұсқа — көкөніс спринг-орамдары. Оларды оқушының ланчбоксына салуға болады.

    «Растишка»-мен бірге дайындаймыз: көкөніс спринг-орамдарыdayoga.ru

    Ингредиенттері:

    • күріш қағазы;
    • 1 тәтті бұрыш;
    • 1 сәбіз;
    • көк шөптер (салат жапырағы, руккола  және т.б.);
    • 1 қияр;
    • 1 авокадо;
    • 3 ас.қ. күнжіт;
    • қызыл қауданды қырыққабат.

    Тұздық үшін:

    • 5 ас қ. жержаңғақ пастасы;
    • 1 лаймның шырыны;
    • балғын зімбірдің кішкентай тілімі. 

    Дайындау тәсілі:

    1.  Барлық көкөністерді жұқа жолақтарға кесіп, ыңғайлы болу үшін бөлек ыдыстарға салыңыз.

    2. Аздаған мөлшердегі суға күріш қағазының бір жапырағын жібітіңіз (15 сек).

    3. Жапырақтың шетіне салманы салып, бүктеп (түпше жасап), орама ораңыз.  Ыңғайлы болу үшін ораманы жасау кезінде  қалыңдата отырып в өзіңізден кері ораңыз. Жапырақтың жартысына дейін орап, шеткі жақтарын ішіне салыңыз да,  ораманы соңына дейін ораңыз.

    Тұздық жасау үшін, барлық компоненттерді араластырып, қажет болған жағдайда аздап қайнаған су қосу қажет.

    Бізге жазыңыз